Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия кубогінде 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар Ташкент төрінде өтіп жатқан байрақты доданың алғашқы күнін сәтті аяқтады. Спортшылар 2 алтын, қос күміс және 4 қола медальға қол жеткізді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын жарысқа 5 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.
«Жалпы осы жарысқа қарсыластарым жақсы дайындықпен келген. Бірақ мен өзіме сеніп, жеңіске жеттім», – деді жарыс жеңімпазы Дана Әбдірова.
Айта кетейік, ұлттық құрамада жүрген спортшылар жақында ғана ел біріншілігінде топ жарып, Қазақстан атынан өнер көрсетуге мүмкіндік алған еді. Жаттықтырушылардың ендігі мақсаты - Азия кубогінде медаль санын арттырып, үздіктер қатарынан көріну.
«Жарысқа шығарда маған бапкерлерім өз әдісіңді қолдан деп тапсырма қойды. Мен оларды түсініп, орындадым. Жеңіске жеттім», – деді жарыс жеңімпазы Нұрайлым Сәрсенбек.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!