|
09.10.2022 | 17:23
5567

Еуро-2024 іріктеу сатысының жеребесі тартылды: Қазақстан қарсыластары кім

Жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы H тобына түсті

Еуро-2024 іріктеу сатысының жеребесі тартылды: Қазақстан қарсыластары кім inform.kz

Германияның Франкфурт қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысына жеребе тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы H тобына түсті. Қарсыластары – Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино.

Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: Испания, Шотландия, Норвегия, Грузия, Кипр,

B тобы: Нидерланд, Франция, Ирландия, Грекия, Гибралтар,

C тобы: Италия, Англия, Украина, Солтүстік Македония, Мальта,

D тобы: Хорватия, Уэльс, Армения, Түркия, Латвия,

E тобы: Польша, Чехия, Албания, Фарер аралдары, Молдова,

F тобы: Бельгия, Австрия, Швеция, Әзербайжан, Эстония,

G тобы: Венгрия, Сербия, Черногория, Болгария, Литва,

H тобы: Дания, Финляндия, Словения, Қазақстан, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино

I тобы: Швейцария, Израиль, Румыния, Косово, Беларусь, Андорра,

J тобы: Португалия, Босния және Герцоговина, Исландия, Люксембург, Словакия, Лихтенштейн.

Іріктеу сатысы 2023 жылдың наурызы мен 2024 жылдың 26 наурызы аралығында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында бірінші орын алуына байланысты 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алған болатын.

Құрлықтық доданың финалы 2024 жылдың 14 маусым және 14 шілде аралығында Германияда өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама бақ сынайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир