Еліміздің әр өңірінен келген 16-17 жастағы өрендер өзара күш сынасты. 120-ға жуық спортшы қатысқан шара ауған соғысының батыры Сергей Заколодяжныйды еске алуға арналды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда жауынгерлік тәсілдер көбірек қолданылады. Сондықтан спортшылар әмбебап болуы керек. Сонымен қатар, әскер қатарына баратын бозбалалар үшін де мұндай жарыс таптырмас дайындық болады дейді, аталған спорт федерациясының президенті Бақытбек Смағұл.
«Ауған соғысының ардагерлері – жастарды тәрбиелейтін өмір мектебі. Олар өздерінің өмір тарихтары арқылы Тәуелсіздіктің бағасын білуге шақырады», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әмбебап жекпе-жек федерациясының президенті Бақытбек СМАҒҰЛ.
Жарыс жеңімпаздарына медальдар мен мақтау қағаздары табысталды. Сонымен қатар, бас жүлде алған жеткіншектер спорт шебері атағына ие болады. Биыл алтыншы рет өткізіліп отырған шара бұдан былай еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын таппақ.