Алматының волейбол командасы республика Кубогының финалына шықты

05.10.2019 22:36

28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда волейболдан ҚР 27-ші Кубогы өтіп жатыр

Алматы қаласының «Буревестник» командасы финалға шықты, енді «Атырау» командасымен бірінші орынға таласады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Финалға дейін «Буревестник  «Тараз» (3:0), «Жетісу-Жастары»(3:0) и «Атырау» (3:2) сынды командаларды жеңді. Ширек финалда қарсыласы өскемендік «Алтай» болды (3:0). Және шешуші ойын жартылай финалда тағы да 3:0 есебімен «Буревестник» «Манғыстау» командасына еш мүмкіндік бермеді.


Теги: волейбол