Алматыда бір тәулікте 3 342 адам КВИ екпесін алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 408 адам
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 3 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 2 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 53 адам тіркелді (жергілікті), оның 51-і симптомдық белгілері бар және 2-уі симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 58, келіп түскені – 23.

Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 324 адам (оның ішінде 16 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 37.

ӨЖЖ – 16, инвазивті емес ӨЖЖ – 11, High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 686 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 658, симптомсыз 28 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті  1 851 адам, 2-компонетті 1 491 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-02.12.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентті – 1 040 300 адам, 2-компонентті 972 860 адам вакцинацияланды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 408 адам.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 15 336 адам, оның ішінде 925 жүкті әйелдер, 3 218 емізулі аналар және 11 193 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров