Ұлттық спорт күні: Түрксіб ауданындағы жасөспірімдер қазақ күресінен додаға түсті

 Almaty.tv
Almaty.tv
Жарысқа 80-ге жуық бала қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық спорт күнінде Алматының Түрксіб ауданындағы жасөспірімдер қазақ күресінен додаға түсті. 80-ге жуық баланы қамтыған сайыс аудандағы спорт кешендерінің бірінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

15 жастағы Бақбол Шәкерханұлы дүбірлі додаға дайындықпен келген. Қазақ күресімен 2-3 жылдан бері айналысып жүрген жасөспірім бірнеше сайыста жеңіс тұғырына шығып, жүлделі қайтқан.

– Ең алғаш 4-сыныптан бастап ағам қатысты. Әкем қызығып,ағаммен бірге мені де күреске берді. Екі-үш жылдың ішінде бірнеше жарысқа бардым. Республикалық жарыстан 3-орын алғанмын, – деді жарысқа қатысушы Бақбол Шәкерханұлы.

Ұлттың төл спорты саналатын қазақ күресі Түрксіб әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Жарыс аудан бойынша жарияланып, оған 80-ге жуық бала қатысты. Мақсат – ұлттық ойынды дәріптеу.

32 келіден 60 кг және 65+ салмақ дәрежесінде күресіп жатыр. Ортада 46, 38, 42, 35, 50, 55 келі арасында күресті. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – Ұлттық спорт күніне орай қазақ күресін дамыту, – деді қазақ күресінен Алматы қаласы бойынша төреші Еркебұлан Базарбаев.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың ауданда жиі өтетінін айтты.

Гүлмарал Изатқызы, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматыда студенттер Ұлттық спорт күнін атап өтті

Новости партнеров