Дзюдошы қызға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері белгілі болды
Қазақстандық пара дзюдодан әлем чемпионы Ақмарал Науатбекке Паралимпиада ойындарында алтын алып келгені үшін берілетін ақшалай сыйақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
5 қыркүйекте Парижде (Франция) өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында әйелдер арасында дзюдодан 48 келіге дейінгі салмақта (J категориясы) финалдық жекпе-жек өтті.
Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинемен кездесіп, «иппон» ұпайымен жеңіске жетті.
«Алтын медаль үшін қазақстандық дзюдошы 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық алады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Көшпенділер ойындары кезінде 400-ге жуық шетелдік БАҚ хабар таратады