Америкалық ковбойлар көкпар ойнау үшін Қазақстанға келді

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар V дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

V дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысу үшін АҚШ командасы Астанаға келді. Ковбойлар дүбірлі додада көкпардан сынға түспекші, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Мұхиттың ар жағынан келген спортшыларды қала қонақтары қазақтың күйімен күтіп алып, ыстық бауырсақ ұсынды. Америкалық ковбойлар қазақтың көкпарын тартып, салым салуға ниетті екенін айтады.  

«Тезірек жарыс алаңына шығып, қазақтың атында көкпар тартқымыз келеді. Жаттығу жасауға уақыт аз болды. Негізі, командамызда 12 адам бар. Біз 9 спортшы болып келдік. Дегенмен дайындығымыз, жеңіске деген ұмтылысымыз жаман емес. Жақсы ойын үлгісін көрсетеміз деп ойлаймын», - деді «USA Kokpar Team» командасының капитаны Скотт Циммерман.

Америкалық спортшылар өз тұлпарларын әкеле алмаған. Сондықтан Қазақстан тарапы оларды атпен қамтамасыз етеді. Ал дайындық бүгіннен басталыпты.  

«Мен бұрын-соңды көкпар тартып көрмегенмін. Ережесімен танысып, өзіміз көктемнен бастап жаттыға бастағанбыз. Енді көкпар тартатын атымызды көріп, танысу керек болып тұр. Меніңше, жақсы ойнап шығатын сияқтымыз», - деді «USA Kokpar Team» командасының мүшесі Уилл Грант.

Новости партнеров