Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінде спорт әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды бөлшекке айналды. Салауатты өмір салтын ұстанатындар саны артып, біздің олимпиадашыларды қолдайтын жанкүйерлер қатары көбеюде.
Спорттың мықты мінез бен төзім қалыптастырудағы, алға қойған мақсатқа жету жолындағы маңызын айтпай кетуге болмайды. Сондықтан, көптеген жастар өзінің мүмкіндігін пайдалану үшін спортқа қадам басуда.
Ұлттық Олимпиадалық комитет барлық атлеттер мен бапкерлерді, спорт саласындағы жұмыс істейтін барша қызметкерерді және спорттағы қадамын енді бастаған жастарды құттықтап, жаңа рекордтар мен жеңістер тілейді», – делінген құттықтау жеделхатында.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!