|
24.07.2022 | 10:59
3356

2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі жарияланды

Бұл жөнінде Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеді

2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі жарияланды newgamescomings.blogspot.com

2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Бұл жөнінде Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеді. 

Енді Азиада 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді. 

Аталған турнирдің өткізу мерзімі негізінде 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығына белгіленген еді. 

Азяи ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетіні жоспарланған болатын. Әлемдегі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ол кейінге шегерілді. 

Өз тарихында 29 мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Оған әзірге 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр. Қазірге дейін қазақстандық спортшылар аталған жарыста 1000 медальға қол жеткізді. Олардың 140-ы алтын, 600-і күміс, 260-ы қола.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир