Мәдина Бақбергенова Азия чемпионатында алтын алды
ҚазАқпарат
Финалда ол 68 келіде қырғызстандық Мээрим Жуманазаровамен шеберлік байқасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен Мәдина Бақбергенова чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Финалда ол 68 келіде қырғызстандық Мээрим Жуманазаровамен шеберлік байқасты. Қарсыласы 2021 жылы әлем чемпионы атанса, 2020 жылы әлем кубогының жеңімпазы болды. Сондай-ақ ол 2020 жылы Жазғы олимпиадада қола алса, былтыр Азия чемпионы тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ әйелдер күресінде 76 келіде Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол созды. Ол жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Ариунжаргал Ганбатты жеңді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
20.09.2026 17:09
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53