Еуропалық клуб қазақ футболшысына ұсыныс жасады

14.11.2021 23:25

Алматылық клуб түлегі Нұрдәулет биыл жазда Чехияға тіл үйренуге барған

orda.kz

Прагалық «Салвия» командасы 18 жастағы қазақ футболшысы Нұрдәулет Мырзабековке көз тігіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық клуб түлегі Нұрдәулет биыл жазда Чехияға тіл үйренуге барған. Ол сабақ пен кәсібін ұштастырып, «Славия U-19» командасында бақылау матчына қатысқан. Қазақ спортшысы чехиялық бапкерлерге қатты ұнаған, елдегі трансферлік кезең жабылғандықтан олар футболшыны алып қала алмады.

Оған Чехияның екінші лигасында ойнайтын «AБС Браник Прага» клубымен уақытша келісімшарт жасауды ұсынған. Қазір ол «AБС Браник Прага» клубының негізгі шабуылшысы, бірақ қысқы трансфер ашылысымен «Славияға» барады.

Ол оңтүстік астанадағы «Алаш», «Аифа» және «Атлетик» командаларында ойнаған. «Алашта» Сергей Клишин мен Андрей Ферапонтов сияқты бапкерлерден тәлім алған. Ал жекеменшік «Атлетик» командасында Владислав Кузьминнің қол астында жаттықты.  

Қазіргі уақытта «Славия» 14 матчта 35 ұпаймен Чехия чемпионатында көш бастап тұр.