Қазақстанның екінші ракеткасы турнирді жеңіспен бастады
instagram.com
Ол матч Монреальда (Канада) өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Монреальда (Канада) өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Путинцева турнирді іріктеу кезеңінің жартылай финалынан бастады. Ол онда канадалық, әлемнің 860-ракеткасы Миа Купреспен кездесті.
Қазақстандық екінші ракеткасы бірінші сетте 2:6 есебімен жеңіліп қалды, бірақ одан кейін есесін қайтарып, матчта жеңіске жетті. Кейінгі екі сетте есеп 6:2, 6:0 болды.
Юлия Путинцева іріктеудің финалында аустралиялық теннисші, әлемнің 114-ракеткасы Кимберли Бирреллмен кездеседі. Бұл матч 6 тамызда 23:30-да өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
19.09.2026 22:13