|
27.08.2023 | 18:26
728

Қазақстандық мерген нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында үш жүлде бар

Қазақстандық мерген нысана көздеуден әлем чемпионы атанды olympic.kz

Қазақстандық Зухра Ерназарова Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден өтіп жатқан 53-ші әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден финалға қос қазақстандық Зухра Ерназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені өзара сарапқа салды.

Өтірікке құрылған ғұмыр | Өмір иірімі

Тартысты өткен соңғы бәсекеде Зухра отандасы Александрадан 6:3 есебімен басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды. А. Сәдуақасоваға күміс, украиналық Галина Авраменкоға қола медаль бұйырды.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында үш жүлде бар. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов миксте үздік үштікке іліккен еді.

Бакудегі әлем біріншілігі 1 қыркүйекте мәреге жетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жеңімпаз
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир