Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева тағы да блицтен әлем чемпионы атанды

30.12.2022 23:29

5 күнге созылатын жаһандық дода бүгін аяқталады

Фото: Instagram/fide_chess

18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында тағы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ойын тақтасының блиц түрінен сынға түскен отандасымыз қытайлық ойыншымен бақ сынасты. Айта кетейік, 18 жастағы қазақстандық шахматшы бұған дейін де шахматтың блиц түрінен чемпион атанған еді. Бұл - оның екінші жүлдесі. Ол ойын аяқталған соң журналистерге арнайы брифинг өткізді. Ал содан соң оның жанкүйерлері суретке түсіп, қолтаңба алып қалуға тырысып жатты.

«Мен екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атандым. Өткен жылы чемпионатты сенімді жеңдім, биыл олай емес. Қарсыластар өте мықты. Алдағы жоспарым аздап демалып, отбасыммен болғым келеді. Оларды қатты сағындым» – деді  шахматтан әлем чемпионатының екі мәрте жеңімпазы Бибісара Асаубаева

Ал ерлер арасында ойын басталғалы ешкімге дес бермеген норвегиялық Магнус Карлсен жеңіске жетті.Қазақстандық ойыншылар Қазбек Нөгербек 68 орынға тұрақтады.

«Мен шахмат туралы ойлауды ешқашан тоқтатқан емеспін. Ол менімен бірге өмір сүреді. Мені қалай және кіммен ойнайтыным алаңдатады. Не істеу керек және не істемеу керектігі туралы кәсіпқойлар бөлісетін жалпы кеңестер бар. Шахмат мені импровизацияға және ойлануға жетелейді», – деді шахматтан әлем чемпионатының төрт мәрте жеңімпазы Магнус Карлсен  

Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының жүлде қоры - 1 млн АҚШ доллары. Айта кетсек, бұл қомақты қаражаттың бәрі бір адамға берілмейді. 700 мың доллары ерлерге, ал 300 мың доллары қыздар арасында сынға түскен ойыншыларға сыйақы ретінде табысталмақ. Әйелдерге қарағанда ерлердің ұтыс көлемі көп. Ұйымдастырушылар мұны қатысушы ер адамдардың көп болуымен түсіндірді. Чемпионатынқа әлемнің 45 елінен 300-ге жуық ойыншы бақ сынаған еді.