47 жастағы Василий Жиров америкалық боксшымен реванш өткізбек

©vjirov.com
©vjirov.com
Жиров 2009 жылдан бері рингке шыққан жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1996 жылғы Олимпиада чемпионы, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Василий Жиров «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында америкалық Джеймс Тонимен реванш өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиров 2009 жылдан бері рингке шыққан жоқ, қазір жасы - 47-де.

«Шоу түріндегі жекпе-жек өткіземіз шығар - екі шал рингке шығып, жұдырықтасады. Осындай жекпе-жек өткізу ойда бар. «Тони, жекпе-жек өткізейік» дедім. Ол болса... Бірде келіседі, бірде келіспейді. Әлі қорқып жүрген шығар», – деді Жиров.

Жиров пен Тони арасындағы жекпе-жек 2003 жылы 26 сәуірде өткен. Тони төрешілер шешімімен жеңіп, қазақстандық боксшыға тиесілі IBF титулын иеленген болатын. Жиров кейін Тони әділетсіз жеңгенін айтқан. The Ring журналы сол кездесуді 2003 жылдың үздік жекпе-жегі деп таныған еді.

Қазір Джеймс Тони 53 жаста, кәсіпқой бокстан әлі кетпеді. 23 қазанда ол 49 жастағы Джереми Уильямспен жұдырықтасады.

Новости партнеров