Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль түсті. Стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай үшінші орынды қанжығаға байлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеген. Ал алтын мен күміс медаль Қытай құрамасының еншісінде кетті.
– Мақсат – финалға кіру, медаль алу. Құдайға шүкір, екі медаль алып отырмыз. Біріншісі алтын, екіншісі қола жүлде болды. Финалда қарсыластар өте мықты болды. Сондықтан үшінші орын алдым, – дейді қола жүлде иегері Әсем Орынбай.
Айта кетейік, қазақстандық мерген Азия ойындарында екі медальға ие болды. Спортшы стенд атудан жекелей жарыста қола жеңіп алса, командалық сайыста алтын жүлдегер атанды. Әсем Орынбаймен бірге ақтық сында Зоя Кравченко мен Ольга Панарина ел намысын қорғаған еді. Олар чемпион атанып қана қоймай, 350 ұпаймен Азия ойындарының рекордын жаңартты.
– Қыздарымыз скит бойынша жоспарланған алтынды алды. Қытай құрамасымен болған тартысты додада жеңіп шықты. Қыздар өте жоғары нәтиже көрсетіп, алғашқы алтынын қанжығаға байлады. Барлығыңызды құттықтаймын, – деді Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов.
Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!