Алматы облысында "FootballFest" футбол фестивалі өтеді
Фото: depositphotos.com
Фестивальге Абай, Райымбек, Қырғауылды, Бұлақты ауылдарының кез келген тұрғыны, сонымен қатар қонақтар қатыса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2022 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы облысындағы Қарасай ауданы Абай ауылында "FootballFest" футбол фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Фестиваль бағдарламасында:
- тәжірибелік жаттықтырушылардан шеберлік сабақтары;
- ата-аналар мен балалардың қатысуымен эстафеталық жарыс;
- 7-9 жас аралығындағы балалардың қатысуымен «АуылФутбол Достық» достық шағын турнирі;
- футбол викторинасы;
- бағалы сыйлықтар ұтысы;
- концерттік бағдарлама;
- фестивальдің белсенді қатысушыларын марапаттау.
Фестивальге Абай, Райымбек, Қырғауылды, Бұлақты ауылының кез келген тұрғыны, сонымен қатар ауылға келген қонақтар қатыса алады.
Эстафета, шағын турнир және футбол викторинасының үздік қатысушылары сертификат, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
FootballFest фестивалі #АуылФутбол жобасының жоспарланған іс-шарасы болып табылады және салауатты өмір салты мен футболды насихаттау мақсатында өткізіледі.
Бас демеушісі ХоумКредит Банк.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39