«Аrtsport» бағдарламасы аясында қаржы жымқыру фактісі анықталды - Алматы прокуратурасы

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Балалармен жұмыс істейтін, бұрын сотталған және түрлі қылмыстар үшін жауапқа тартылған 13 жаттықтырушы анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының прокуратурасы «Аrtsport» бағдарламасы арқылы балалардың спорттық және шығармашылық тапсырыстарын қаржыландыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшілі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

2021 жылдың мамыр айынан бастап Алматыда бағдарламаны жүзеге асыруға 12,8 млрд теңге бөлінген еді. 

Прокурорлық тексерудің алдын ала нәтижелері бірқатар заң бұзушылықты анықтаған. Әрі бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық схемалар анықталғаны айтылады ресми хабарламада.  

Атап айтқанда, елден тыс жерде, ауруханада болған және секциялар мен үйірмелерге мүлдем қатыспаған 2000-нан астам балаға орындалған жұмыс актісі ұсынылған. Өткізілген сабақтардың саны 5000-нан асады.

Сондай-ақ түрлі қылмысы үшін жауапқа тартылған 13 жаттықтырушы анықталған. 

"Балалармен жұмыс істейтін, бұрын сотталған және түрлі қылмыстар үшін жауапқа тартылған 13 жаттықтырушы анықталды.

Бұл ретте еңбек шарттарын жасаспаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген жаттықтырушылардың өздеріне қатысты да еңбек құқықтарын бұзуға жол беріледі.  

Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірқатар материалдар процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына берілді" делінген ресми хабарламада. 

Бұдан басқа, «Аrtsport» платформасының функционалының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілмеген, балалардың дербес деректері қорғалмаған, басқа да кемшіліктер бар екені белгілі болды. 

Қазіргі уақытта мамандарды тарта отырып, тексеру жүргізіп жатыр. 

Новости партнеров