Алматыда тоғызқұмалақтан чемпионат өтіп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Жеңімпаз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ресми жолдама алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық ойындарымыз ұлықтала түсті. Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражайда тоғызқұмалақтан Қазақстан республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерлер мен әйелдер бақ сынасқан сайыс 17-26 ақпан арасында болады. Швейцариялық жүйе бойынша 10 кезеңнен сүрінбей өткен үздік ойыншы жеңімпаз атанып, 4 жылда бір рет өткізілетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық додасына ресми  жолдама алады.

– Тоғызқұмалақтың 4000 жыл тарихы бар. Дегенмен тек қазақтың немесе түркі әлемінің емес, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасы ретінде ЮНЕСКО мойындады. Демек, 30 елде федерация бар. Әлемнің 100 елінде онлайн, IP адрес бойынша ойнайды, – деді ҚР тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Әкім Тұрсын.

Оқи отырыңыз: Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 қысқы мерейтойлық жарыс өтеді

Новости партнеров