|
02.02.2020 | 19:05
2902

Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін WBA рейтингіне енді

Жүкембаев үшін бұл 18 жекпе-жектегі 18-ші жеңісі болатын

Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін WBA рейтингіне енді tengrinews.kz

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық Батыр Жүкембаевты (18-0, 14 КО) кейін өз рейтингіне қосты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған рейтингіде бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін Жүкембаев 15-орында тұр. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 26 қаңтарда Монреальде (Канада) өткізіп, Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңген еді.

Жүкембаев үшін бұл 18 жекпе-жектегі 18-ші жеңісі болатын. Батыр оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бұған дейін 22 жеңісі болған Лара тоғызыншы рет жеңіліп отыр.

Айта кетсек, екінші орта салмақта WBA International, WBC Asia Continental және WBO Global белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы WBA рейтингінде екінші орында қалды.

Ал жартылай орта салмақта WBA Inter-Continental, IBF Pan Pacific және WBO Oriental титулдарының иегері Нұрсұлтан Жаңабаев өз дивизионында жетінші орында келеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир