Алматылық "Буревестник" Қазақстан суперкубогының үш дүркін иегері атанды

16.11.2021 00:29

Волейболшылар 2022 жылы мамырда Катарда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды


15 қарашада Өскеменде Тараз және Алматы командалары арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионы «Буревестник-Алматы» клубы суперкубокты үшінші мәрте жеңіп алды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев спортшыларды кезекті жеңісімен құттықтады.

"Еліміздің суперкубогының үш дүркін иегері атанған «Буревестник-Алматы» клубы командасын, жаттықтырушылар құрамын құттықтаймын! Волейболшылар 2022 жылы мамырда Катарда өтетін Азия чемпионатының беделді турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.