Қазақстан асық атудан жеңімпаз атанды
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Еліміздің ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті.
«Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстан ұлттық құрамасы көк бөрүден финалға шықты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31