Алматыда ат спортынан жарыс өтіп жатыр

27.05.2022 00:37

IV кезең Тбилиси, Тегеран қаласында өтеді

Алматыда ат спортынан жарыс өтіп жатыр. Еуразиялық лиганың кедергілерден өту бойынша Әлем Кубогының III кезеңі 2022 жылғы 25-29 мамыр аралығында «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еуразиялық бәсеке лигасының І кезеңі Ташкент қаласында, II кезеңі Бішкек қаласында өтті. IV кезең Тбилиси, Тегеран қаласында өтеді.

Жарысқа 9 елдің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Германия, Польша, Нидерланды) құрама командасы және басқа да жақын және алыс шетелдердің спортшы, сондай-ақ халықаралық төрешілер мен сарапшылар қатысып жатыр. Малайзия, Польша, Иран, Өзбекстан, Литва, Түркия, Эстония, Қазақстан мамандары төрешілер құрамы енді.

Жеңімпаз Гран-при иегері атанған командалар арасында 2022 жылдың қазан айында Барселонада өтетін Ұлттар кубогының финалына қатысуға лицензия ойнатылады.

Іс-шара ат спортын ілгерілетуге және Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында танымал етуге серпін береді.