Алматыда алғаш рет «Чемпиондар лигалары» атты республикалық спорттық жоба таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның аясында, елімізде 5 кезеңде 4 спорт түрінен жүйелі түрде жарыс өткізіліп тұрады. Әзірге дода грек-рим, еркін және қазақ күресі мен дзюдо бойынша өтеді. Болашақта бокс, ауыр және жеңіл атлетикадан жарыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Шараның басты мақсаты – мықты спортшыларды дайындап, ел байрағын көкке көтеру. Бұл жарыс тасада қалған жаттықтырушыларды да анықтауға көмектеседі. Ал бастысы лигада чемпион атанғандарға қаржылай сыйлақтан бөлек білім гранттары да беріледі. Дода қазан айында басталады.
«Бір спорт түрлерінде жарыс тым артық болса, екінші спорт түрлерінде жарыс саны өте аз. Бұл жүйе тұрақтандырады. Яғни, жарыстың санын азайтып, сапасын көтереді. Жаңағы 4 түрі ғана емес, бұның географиясы ауқымды. Біріншіден, мектеп оқушылар, екінші студенттік лига болады. Әуесқойлар және ардагерлер лигасы құрылады. Яғни, бұл президенттің тапсырмасына сай бұқаралық спортты дамытуға үлес қосады», – деді Saq sports management басшысы Дидар Сағадиев.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!