Сенат ұлттық спорт түрлерін дамыту жөнінде заңды қабылдады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануына спорт нысандары қолжетімді болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануына спорт нысандары қолжетімді болмақ. Бүгін Сенат ұлттық спорт түрлерін дамытуға қатысты заңды қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заң жобасының негізгі бағыттарында уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту, спорттық инфрақұрылымының қолжетімділігі, білім беру көзделген. Сондай-ақ, Заң мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін бекіту бойынша тиісті функциялармен толықтырылды.

«Бұдан былай мемлекет қаржыландыратын спорттық және шығармашылық үйірмелер мемлекеттік сатып алудың қорытындысына байланысты емес, олардың рейтингіне, сондай-ақ, халықтың сұранысына қарай анықталады. Бұл жұмыс енді жергілікті атқарушы органдардың міндеті болып есептеледі», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Бұдан бөлек Сенатта қоғамдық кеңестер қызметін жүйелеуге мүмкіндік беретін құжат та қаралды. Заң жобасы Қоғамдық кеңестерді құрудың механизмдерін жетілдіруге жан-жақты мүмкіндік береді. Ол жергілікті мәслихаттардың құзырына беріліп отыр.

«Бұдан былай жергілікті деңгейлерде ұйымдастыру жұмыстары мәслихаттарға жүктеледі... Квазимемлекеттік секторда, атап айтқанда, ұлттық компанияларда ұлттық холдингтерде, ұлттық басқару холдингтерінде қоғамдық кеңестер құру туралы толықтырулар енгізіледі», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Новости партнеров