«Жаңа Алматы жастары» жобасының аясында үстел тенисінен турнир өтті

18.11.2022 00:55

Жарыстың басты мақсаты – жастарды осы спорт түріне баулу

Almaty.tv

Алматыда жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңа Алматы жастары» жобасының аясында үстел тенисінен турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайысқа Алатау, Әуезов, Түрксіб, Наурызбай ауданынан келіп қатысты. Жарыстың басты мақсаты – жастарды осы спорт түріне баулу.

«Бұл –  Алматы қаласының әкімдігінің мақсатының бірі болып саналады. Үстел тенисінен шалғай аудандар Алматы қаласындағы Алатау, Түрксіб, Әуезов және Наурызбай ауданындағы жастарды қаланың орталығына қарай әлеуметтендіру», – деді  ұйымдастырушы Бейбіт Молдахметұлы.