Cпортшылар Алматыда жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығуын өткізуде
Биыл Түркияда өтетін XX қысқы сурдлимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы дайындығын пысықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Cпортшылар Алматыда жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығуын өткізуде.
Айта кетсек, 2-12 наурыз аралығында бауырлас елдің Эрзурум қаласында болатын жарыста отандастар спорттың 3 түрінен бақ сынамақ. Ел намысын шаңғы мен сноуборд, сондай-ақ шахмат додаcында қорғайды.
– Спортшылар қарашада дайындықты бастады. Желтоқсанда да жаттықтық. Шаңғы жарысы бойынша сайысқа 5 адам қатысады. Олар еліміздің бірнеше өңірінен іріктеліп алынған, – деді шаңғы жарысынан аға жаттықтырушы Сергей Щербаков.
Оқи отырыңыз: Алматыда тоғызқұмалақтан чемпионат өтіп жатыр