Қытайда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау білдіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар – Димаштың әндерін жатқа білетін өнерсүйер қауым. Жергілікті жұрттан бөлек, Ханчжоуда жүрген қандастар мен студенттер де спортшыларға сәттілік тілейді.
– Қазақстаннан келген дзюдошыларды көрдім. Олар алаңда жақсы ойын көрсетті. Қазақ жерінде халықаралық іс-шара көп өтетінін білемін. 2017 жылы ЭКСПО өткенінен хабарым бар, – деді Ханчжоу қаласының тұрғыны Дэн Юэ.
– Димаштың концертіне бардым. Бұл – ғажап құбылыс! Қазақстаннан келген спортшылар мен жанкүйерлерге мың алғыс. Олар еліне деген махаббатын барынша көрсетіп жатыр, – деді Пекин қаласының тұрғыны Лю Пэньчжань.
Оқи отырыңыз: Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды