Бейжің Олимпиадасында фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеу сайыстары өтті. Онда Қазақстан сапынан Шерзод Хаширбаев бақ сынады, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші іріктеуде Хаширбаев финалға өте алмады. Бұл үшін, еске сала кетсек, ең мықты алты спортшының қатарына кіру қажет еді. Қазақстандық спортшы 109.74 ұпай жинап, 15 орынға тұрақтады.
Екінші іріктеу сынында спортшы қателік жіберіп, төрешілер шешімімен тек 69.23 ұпайға ие болды. Ол жарысты 13-ші орында аяқтап, финалдан тыс қалды.
Жалпы қорытынды бойынша спортшымыз Олимпиада ойындарын 19 орында тәмамдады.
Іріктеу кезеңінің үздігі 127.88 ұпай жинаған қытайлық Гуанпу Ци болды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!