Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: спорттың 20 түрінен жарыс өтеді

03.08.2024 01:16

Ойындар Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытуға септігін тигізеді

Астана қаласа әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтеді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Астанада ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен жарыс өтеді. Сонымен қатар спорттың 10 түрі дүйім жұртқа таныстырылады. Жарыс бағдарламасына сәйкес 110 медаль жиынтығы ойнатылады.

Оқи отырыңыз: V дүниежүзілік көшпенділер ойынына тіркеу аяқталады