Елімізде тұңғыш рет ашық суда жүзуден Oceanman Kazakhstan жарысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Халықаралық додаға әлемнің 12 елінен 1200-ден астам спортшы қатысты. 2015 жылы бастау алған аталмыш сайысты бұл жолы Қонаев қаласы өз жерінде өткізу құқын иемденіп, жоғары деңгейде ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың 2-күні қатысушылар 5 және 10 шақырымдық бәсекеде сынға түсті. Оған ТМД елдерінен бөлек Италия, Швейцария, Түркия елдерінен спортшылар қатысып, сайыста бақ сынады. Oceanman Kazakhstan жобасының ерекшелігі мұнда жас айырмашылығына байланысты еш шектеу жоқ. Бастысы түрлі дайындықтан өтіп, спортқа деген құлшынысы жоғары болса жеткілікті.
«Шыны керек қуанышымыз қойнымызға сыймай жатыр. 3 жылдан бері күткен үлкен жобамыз. Қатысушылардың көңілінен шықты деп ойлаймын. Қаншама халық жүр. Кеше 2 дистанция бойынша өткіздік. 800 метр балалар арасында және 1500 спринт қысқа қашықтықта өткіздік», – деді ұйымдастырушы Ералы Оралов.
Жарыс қорытындысы бойынша 225 қатысушының арасынан небәрі 16 жастағы талдықорғандық Ислам Кәрімов жеңімпаз атанды. Ол 10 шақырымдық қашықтықта үздік атану үшін 6 ай дайындалған. Бастысы мақсаты орындалып, еңбегі ақталды.
«Жалпы жүзумен 7 жылдан бері айналысамын, кәсіби тұрғыда 5 жыл болды. Алдыма қойған мақсатыма жеттім. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мені қолдағандарға алғысым шексіз», – деді жарыс жеңімпазы Ислам Кәрімов.
Ұйымдастырушылар жүзу жарысына қатысуға ниет танытқандар көп болды. Бұл көрсеткіш елімізде бұқаралық спорттың дамуына өз септігін тигізеді дейді. Келген жанкүйерлер де сайысқа қатысқан достары мен туыстарына соңына дейін қолдау білдірді. Ұйымдастырушылар көптің көңілінен шыққан жарысты келесі жылы Бурабайда, әрі қарай Каспий жағасында өткізуді жоспарлап отыр.
Мерей Қанапиянов, Сағындық Нарықов, «Алмат» телеарнасы
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!