«Қайрат» футболшысы ойын кезінде есінен танып қалды
kazfootball.kz
Әзірге спортшының жағдайы туралы ақпарат жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан бірінші лигасы аясында өткен матчта «Қайрат-Жастар» командасының қорғаушысы есінен танып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі prosports.kz-ге сілтеме жасап.
Кездесудің 20-минутында Лев Кургин алаң ортасында есінен танды. Дәрігерлер бірден алғашқы көмек көрсетіп, артынша футболшыны жедел жәрдеммен Алматы ауруханаларының біріне алып кетті.
Әзірге футболшының қазіргі жағдайы мен оның не себепті талғаны жайлы ақпарат жоқ.
Бұған дейін Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксен матч кезінде есінен танып қалғанын жазған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қызметінен босатты
27.09.2026 09:01