Алматыда әртүрлі жастағы жасөспірімдер арсында «Yong Runner» дәстүрлі жүгіру жарысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2022 метрге жалғасқан жүгіру жолағы отбасылық командаға да қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Бағалы сыйлықтардан бөлек, барлық қатысушыларға арнайы медаль үлестірген дода ерекше форматта өтті.
«Ұлым Дәулетқали Асыл бүгін жеңіл атлетикаға марафонға қатысты. Ол осы «Алматы Аренада» жүгіруге қатысады», – дейді қала тұрғыны Ғазиза Мақсатқызы.
«Спортқа әркімнің-ақ бар таласы» деген ұстаным ұстанған ұйымдастырушылар жарыс қатысушыларына жаңажылдық үлгіде киініп келуді тапсырған екен. 8 бен 14 жас аралығындағы марафоншылар тек жүгіріп қоймай, түрлі байқауларға да қатысып үлгерді. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Yong Runner» жүгіру марафоны алдағы уақытта да түрлі форматтағы жарысты қамтып өтпек.
«Мен жүгіруге қатысып, бүгін орын алдым. 2022 метрге жүгірдік. Шаршамадым, бірақ қиын болды. Суды көп ішкім келді», – дейді жарысқа қатысушы Асыл Дәулетқали.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!