|
18.06.2021 | 21:06
6401

Алматыда EFC-дан 37-ші халықаралық турнир өтті

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Шамиль Завуров пен Рикардо Тирлони жұдырықтасады

Алматыда EFC-дан 37-ші халықаралық турнир өтті Almaty.tv

Алматыда EFC-дан 37-ші халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Шамиль Завуров пен Рикардо Тирлони жұдырықтасады. Кіл мықтылар жиналған додаға еліміздің атынан 5 спортшы шығып, өнер көрсетті. Айта кетейік, қонақтардың арасында әлемге әйгілі Хабиб Нурмагомедов те бар. 

Almaty Arena спорт кешенінде EFC-дан 37-ші халықаралық турнир өтіп жатыр. Одан бөлек кеше осы кешке қатысу үшін UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов те Алматыға келіп, пресс-конференция өткізген болатын. 

Айта кетейік, бәсі жоғары додаға 5 бірдей Отандасымыз қатысып жатыр. Олардың арасында Виталий Радионов, Исатай Теміров, Санжар Әділов, және Дияр Нұрғожай мен Жасұлан Әкімжан бар.

Осы орайда еске сала кетейік, бұл орталық сәуір айынан бастап ашық бағдарламасымен жұмыс істеуге көшкен болатын. Сондықтан да барлық санитарлық талаптар сақталып, көрермендердің 20 пайызы ғана қатысып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир