|
25.09.2022 | 21:09
3070

"Алматы" телеарнасы бильярд турнирінде жүлделі орынға ие болды

Турнир «динамикалық пирамида» қағидаты бойынша достық қарым-қатынаста өтті

"Алматы" телеарнасы бильярд турнирінде жүлделі орынға ие болды РСК

Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында бильярдтан турнир өтті. Іс-шараны Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шерхан Мұртаза – Қазақстанның нағыз халық жазушысы. Болашақ прозашы, журналист Жамбыл облысында 1932 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Сонымен қатар, елге танымал басылымдардың редакторы болған, көптеген журналистерді тәрбиелеген, Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Іс-шараға Шерхан Мұртазаның мұрагерлері қатысты. Олардың әрқайсысы жазушының жұмысы мен жетістіктері туралы жылы лебізін айтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің профессоры Аязби Бейсенқұлов жазушыны еске алып, оны қазақ әдебиетінің майталманы деп атады.

«Оның шығармалары ашық, шынайы және таңқаларлық өмірлік. Ол Отан туралы, отбасындағы қарым-қатынас, жерлестерінің еңбек өмірі туралы әңгімелеп берді», - деп атап өтті профессор.

Еске салсақ, спорттық мереке Алматы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің қолдауымен өтті. 

Осыдан екі апта бұрын ӨКҚ БАҚ арасында  футболдан турнир өткізсе, енді бильярд бойынша қызықты турнир өткізіп, ардагерлерді де, журналистерді де белсенді өмірге тартуда. 

Турнир «динамикалық пирамида» қағидаты бойынша достық қарым-қатынаста өтті. Барлық қатысушылар қолында микрофонды ғана емес, кийді де кәсіби түрде ұстай алатынын көрсетті. Әр редакцияға екі ойыншы қатысты.

Бірнеше сағат бойы еркін достық жағдайда қызу шайқастар жалғасты, турнирге қатысушылардың құмарлықтары мен тәжірибелері қайнап, алғашқы үш жүлделі орынның интригасы соңына дейін сақталды.

Қорытындылау кезінде орындар келесідей бөлінді:

I орын иегерi - "Қазақ радиолары"

II орын иегерi - "Алматы" телеарнасы

III орын иегерi - Tengrinews

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир