|
06.09.2024 | 21:43
848

Ұлттар лигасы матчы: Қазақстан құрамасы Норвегиямен тең ойнады

Алматы қаласында өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды

Ұлттар лигасы матчы: Қазақстан құрамасы Норвегиямен тең ойнады Фото: Football.ua

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Алматы қаласында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Кездесу барысында Қазақстан құрамасы Норвегия қақпасына 5 соққы бағыттады. Ал Норвегия Шацкийдің қақпасына 20 соққы жасады.

Еске салайық, Станислав Черчесов шәкірттері Норвегияға қарсы екінші матчын 11 қарашада өткізеді.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан Словения құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойын Любляна қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Топта Қазақстан және Норвегиядан бөлек, Австрия мен Словения құрамалары да бар.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир