Қазақстандық спортшылар сурдлимпиада ойынында 4 медаль жеңіп алды

05.05.2022 03:14

Жарыс Бразилияда өтіп жатыр

Бүгін қазақстандық дзюдошылар Бразилияда өтіп жатқан сурдлимпиада ойындарында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құрама сапынан алғашқылардың бірі болып 60 келі салмақта өнер көрсететін Әділбек Нұрмұхамед күміс еншілесе, 73 келіде Шаяхмет Қанапиянов қола жүлдегер атанды. Ал қыздардан Дана Ержанова мен Фериде Қараоглы үздік үштіктен көрінді.

«Ертең 4 ұл, 4 қыз қатысады. Олардан да үміт күтіп отырмыз. Бұл жолы да жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын», – деді Сурдо дзюдодан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Хайролла Лұқманов.