Қайрат Тұрлыханов өмірден озды

Фото : wfrk.kz
Фото : wfrk.kz
Қаралы хабар ҚР Ауыр атлетика федерациясының сайтында жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті, Семей қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыханов өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайрат Тұрлыхановтың қазасы туралы Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының сайтында жарияланды.

Қайрат Тұрлыханов Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылында (бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Таскескен ауылы) дүниеге келген. 1980 жылы СССР ІІМ-нің Алматыдағы мектебін бітірген. 1980-1987 жылдар аралығында ішкі істер органында қызмет еткен. 1993-2001 жылдар аралығында «Philip Morris» қауіпсіздік фирмасының бастығы, «Бақты» кеденінің бастығы, Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін көпік құрылысын жүргізу бойынша дирекцияның бас директоры қызметін атқарған. 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі болған.

Әр жылдары ШҚО Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, «Көліктік қызмет орталығы» АҚ басшысы қызметін атқарған. «Вокзал-Сервис» АҚ президенті болып еңбек еткен.

Новости партнеров