Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесі мен білім беруді дамыту және модернизациялау туралы айтқан болатын. Соның ішінде тегін үйірмелер де бар. Биыл 4,2 мыңнан астам бала мен жасөспірімді тегін үйірмелермен қамту жоспарланып отыр. Жан басына шаққанда қаржыландыру аясында 4,5 мың адам спорттық секцияларға тегін қатыса алады. Әуесқой боксшы, олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Алматыда алдағы уақытта 6 үлкен дене шынықтыру және қоғамдық спорт кешенінің бой көтеретінін, тұрғындардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Құрметті Алматылықтар! Өздеріңіз жақсы білесіздер, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Алматы қаласының жан-жақты дамуы сөз болды. Әсіресе, қала әкімі спорт саласына жақсылап тоқталып кетті. Қаладағы 5000-ға жуық бала тегін спорт үйірмелеріне баруға мүмкіндік алатынын айтқан болатын. Алдағы уақытта алты үлкен дене шынықтыру және қоғамдық спорт кешені бой көтереді. Осы кешендердің бәрі қала тұрғындарына есігін айқара ашатын болады. Спортпен шұғылданыңыздар. Деніңіз сау болсын!» – деді ол.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!