Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам дзюдошы қатысып жатыр
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Республикалық турнирдің бірінші айналымында сенсация болды. 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқанат Серікбаев жарыстан шығып қалды. Оны жарыстан Талғат Орынбасар шеттетті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылы бұл салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағын Серікбаев жеңіп алған еді.
Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам дзюдошы қатысуда. Жарыс 18 қарашада аяқталады.
Чемпионат қорытындысы бойынша келесі маусымға Қазақстанның құрамы жасақталады.
Оқи отырыңыз: Шөмішбай Сариев атындағы бильярдтан республикалық турнир өтті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!