Ақтөбеде дзюдодан өтіп жатқан чемпионат сенсациямен басталды

15.11.2024 20:49

Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам дзюдошы қатысып жатыр

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Республикалық турнирдің бірінші айналымында сенсация болды. 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқанат Серікбаев жарыстан шығып қалды. Оны жарыстан Талғат Орынбасар шеттетті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылы бұл салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағын Серікбаев жеңіп алған еді.

Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам дзюдошы қатысуда. Жарыс 18 қарашада аяқталады.

Чемпионат қорытындысы бойынша келесі маусымға Қазақстанның құрамы жасақталады.

Оқи отырыңыз: Шөмішбай Сариев атындағы бильярдтан республикалық турнир өтті