Almaty оpen: Бейбіт Жұқаев турнирді жеңіспен бастады

15.10.2024 20:14

Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды

Almaty.tv

Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы  Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б.Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.

Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.

Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды - 6:4, 6:1.

Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Хассан 1 эйстен аса алмады.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен таласады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады