Алматы әкімі «Қайрат» футбол клубын тарихи жеңісімен құттықтады

Кайрат Конуспаев/ қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Кайрат Конуспаев/ қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл жеңіс – барша алматылық  үшін қуаныш, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайрат» футбол клубын тарихи жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қайрат» футбол клубын тарихи жетістігімен – жеңісімен және Еуропаның ең беделді додасы, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймын! Алматылық команда өз шеберлігі мен жігерін айқын көрсетті. Бұл жеңіс – барша алматылық  үшін қуаныш, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш. Клубқа алдағы уақытта да жеңістер мен Еуропа алаңында сәтті өнер көрсетуді тілеймін. Алматыда жаңа заманауи стадионның салынуы Қазақстан футболының дамуына тың серпін беретіні анық. Жеңіс құтты болсын!» - деп жазды қала әкімі.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы тарихи триумф: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты

Новости партнеров