Алматы педагогтері Қазақстан мұғалімдерінің VI республикалық спартакиадасының жеңімпазы атанды

02.11.2026 15:13

Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрамасы І орын иеленіп, VI Республикалық Қазақстан мұғалімдер спартакиадасының чемпионы атанды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2026 жылы 25 қазан мен 1 қараша аралығында Алматыда Қазақстан мұғалімдерінің VI республикалық спартакиадасы өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан 1 300-ге жуық педагог қатысты. Қатысушылар спорттың 9 түрінен сынға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спартакиада бағдарламасына волейбол, футбол, 3×3 баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бес асық және асық ату кірді. Жарыс барысында қатысушылар жоғары спорттық шеберлігін, командалық бірлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша спорттың кейбір түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Тоғызқұмалақ

I орын – Қызылорда облысы;
II орын – Астана қаласы;
III орын – Қостанай облысы.

Бес асық

I орын – Қызылорда облысы;
II орын – Алматы облысы;
III орын – Астана қаласы.

Асық ату

I орын – Алматы қаласы;
II орын – Қарағанды облысы;
II орын – Алматы облысы.

3×3 баскетбол (ерлер)

 I орын – Алматы қаласы;
II орын – Қызылорда облысы;
ІII орын – Астана қаласы.

3×3 баскетбол (әйелдер)

I орын – Алматы қаласы;
II орын – Қостанай облысы;
III орын – Түркістан облысы.

Үстел теннисі

 I орын – Алматы қаласы;
 II орын – Шымкент қаласы;
 III орын – Қызылорда облысы.

Футбол

 I орын – Алматы облысы;
 II орын – Жамбыл облысы;
 III орын – Ақтөбе облысы.

Волейбол (әйелдер)

 I орын – Шымкент қаласы;
 II орын – Алматы қаласы;
 III орын – Шығыс Қазақстан облысы.

Волейбол (ерлер)

 I орын – Қызылорда облысы;
 II орын – Алматы қаласы;
III орын – Ақтөбе облысы.

Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрамасы І орын иеленіп, VI Республикалық Қазақстан мұғалімдер спартакиадасының чемпионы атанды.

Бұл нәтиже Алматы қаласы педагогтерінің спорттық дайындығының жоғары деңгейін, ұйымшылдығын және жеңіске деген табандылығын айқын көрсетті.

Спартакиада ұстаздар арасындағы достық байланысты нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосты.

Оқи отырыңыз: Таразда бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Толық көрсету