Таразда бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
6 қарашада чемпиондар анықталады
Таразда бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. 30 қазанда басталған ел біріншілігінің жалауы 6 қарашаға дейін желбірейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа келген 20 команданың 369 спортшысы 20 салмақ дәрежесі бойынша ел чемпионы атағын сарапқа салады. Алғашқы жекпе-жектер 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтті. Ал 4-5 қарашада жартылай финал болады. 6 қарашада чемпионаттың шешуші бәсекелері өтіп, еліміздің биылғы чемпиондары анықталады.
«Чемпионат келесі жылы Қазақстанның астанасы – Астана қаласында өтеді. Қазіргі таңда іріктеу кезеңі жүріп жатыр. Бұл дода 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына лицензия беретін маңызды чемпионат болмақ», – деді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Сәтжанов.
Оқи отырыңыз: Алматылық Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды