Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

12.10.2026 16:58

150 тұлпар қатысқан ел біріншілігінің жүлде қоры 94 миллион 400 мың теңге

Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дүбірлі додада сәйгүліктер 4 қашықтық бойынша сынға түсті. 150 тұлпар қатысқан ел біріншілігінің жүлде қоры 94 миллион 400 мың теңгені құраған.

Айта кетейік, чемпионаттың іріктеу кезеңдері Талдықорған, Қызылорда, Екібастұз, Павлодар, Зайсан, Ақтөбе және Қостанай қалаларында ұйымдастырылды. Маусым бойы қатысушылар түрлі қашықтықта бақ сынап, Алматыда өтетін шешуші жарысқа жолдаманы сарапқа қалған.

«Тарихымызда тұңғыш рет жазықтай бәйгені бірлесе ұйымдастырып жатырмыз. Көрерменге қызықты болатыны сөзсіз. Биылғы бәсекеге Қырғызстан, Германия және Бельгиядан арнайы қонақтар мен спортшылар қатысып жатыр», – деді ҚР Бәйге федерациясының президенті Қанат Көпбаев.

Оқи отырыңыз: Студенттер лигасы: Алматыда жаңа маусымы басталды

 

 

 

 

 

 

Толық көрсету