Алматыда WTT Contender халықаралық турнирі аяқталды: жеңімпаздар анықталды

07.09.2026 15:27

Сайыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады

Алматыда WTT Contender Almaty халықаралық турнирі аяқталды. Байрақты бәсекеге 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сындағы матчтар, сондай-ақ жұптық санаттағы кездесулер өтті. Нәтижесінде ерлер арасындағы жекелей сында жапондық Сюнсуке Тогами жеңімпаз атанса, әйелдер арасында да күншығыс елінің намысын қорғап келген Миу Хирано үздік ойын көрсетті.

Сондай-ақ жұптық сындарда Ресей мен Жапонияның спортшылары жеңіске жетті.

Айта кетейік, сайыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.

«Алдымызда Азия ойындары келе жатыр. Дайындық ретінде осы жарыстардың пайдасы бар деп білемін. Олардың оқу-жаттығу жұмыстары болады. Құрама команда Азия ойындарына қатысады. Жарыстың маңыздылығы сол – көптеген мықты спортшы келеді», – деді ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов.

Оқи отырыңыз: Алматы құрамасы 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы таеквондо WT-дан Қазақстан чемпионатында бірінші орын алды

Толық көрсету