Жарыс жастардың шеберлігін шыңдап, республикалық деңгейдегі тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді
Алматыда жас ауыр атлеттер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. 17– 24 қыркүйек аралығына жоспарланған додаға еліміздің 16 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 270-ке жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Almaty.tv
Күш пен шеберлік сынға түскен бәсекеде 2010-2011 жылдары туған спортшылар әр салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, ел чемпионы атануға таласады. Жарыс жастардың шеберлігін шыңдап, республикалық деңгейдегі тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.
«Жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар біртіндеп өсіп шығады. Біз тәжірибелі бапкерлермен бірлесіп жұмыс істейміз, федерация тарапынан бұл үдеріс қатаң бақылауда болады. Егер нәтижелер көңіл көншітерлік болса, жас спортшылар ұлттық және олимпиадалық құрама сапына қабылданып, Азия мен әлем чемпионаттары сынды халықаралық жарыстарға жолдама алады. Біздің басты мақсатымыз – осындай талантты балаларды сапалы дайындап, үлкен ареналарға шығару», – деді Алматы қаласы Ауыр атлетика федерациясының президенті Жамболат Зиадин.
«Бұл – Қазақстан Республикасының чемпионаты. Оған 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер қатысып жатыр. Біз Қызылордадан команда жинап әкелдік, бәсекеге 8 бала қатысады. Осы уақытқа дейін төрт рет Қазақстан чемпионы атандық. Биылғы доданың нәтижесі қалай болатынын алда көреміз», – деді ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Алмас Өтешов.
Оқи отырыңыз: Naiza-85 турнирінде кімдер өнер көрсетті