Naiza-85 турнирінде кімдер өнер көрсетті

Додада Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің спортшылары күш сынасты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza - 85 халықаралық турнирі өтті. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен додада Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің спортшылары күш сынасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеш бағдарламасында 12 тартысты жекпе-жек өтіп, оның ішінде чемпиондық белбеулер сарапқа салынған кездесулер де болды. Турнир аясында тәжірибелі файтерлермен қатар, кәсіби аренаға енді шыққан жас спортшылар да өнер көрсетті.

«Бұрын бізде бір-екі клуб болса, қазіргі таңда елде 10 шақты клуб бар. Жауынгерлер. UFC-дің өзінде бізде енді барып, қайтып келгенмен бірге санайтын болсақ, 15-тен астам жауынгер бар. Қазіргі таңда  бір емес екі жауынгер топ 5-ке кіреді. Біреуі Шафкат болса, екіншісі Асу. Былай қарасаңыз, өте үлкен, жақсы нәтиже. Біздің еліміздегі ММА бағыты өте қатты, қарқынды дамып келе жатыр», – деді «Naiza» лигасының президенті Нұрбек Қарабала.

 «Тек жеңіс күтемін. Әдеттегідей, өзімнің тәсілдерімді қолданып, жекпе-жекке шығамын. 36 жаста жаттығуға өте көп уақыт жұмсау қиын, сондықтан мен бұрынғы тәжірибеме сүйеніп келе жатырмын», – деді ММА файтері Артем Тарасов  (Ресей).

Оқи отырыңыз: ММА: Қадырбек Шынбаев 2026 жылғы Азиаданың финалына шықты